Қырғызстан президенті Құрманбек Бәкиев елдің жаңа Конституциясына қол қойды

Парламентке көбірек өкілеттік беріледі, үкімет мүшелерін тағайындауда парламент депутаттарының сөзі шешімді роль атқаратын болады. Президент Бәкиев мұндай Ата заңның қабылдануы пост-советтік кезеңдегі Қырғызстандағы үлкен алға басушылық қадам деп бағалады. Дегенмен де Бәкиевтің билік күші оның бес жылға сайланған президенттік мерзімі 2010 жылы аяқталғанға шейін өзгеріссіз қалады.