ЖАҢАЛЫҚТАР Ирақ астанасындағы жарылыстан 8 кісі қаза тапты 15 қараша 2006 жыл, 12:06 Бағдадта орын алған көлік жарылысынан кемінде 8 адам құрбан болды. Сонымен қатар, Ирақтың Анбар провинциясында 4 АҚШ жауынгері қаза тапты. АҚШ әскерилерінің хабарлауынша, бұл сарбаздар қақтығыс барысында сейсенбі күні құрбан болған.