Фридом Хауз БҰҰ-ның Адам құқықтар Кеңесін сынға алды

Адам құқықтарын қорғау жөніндегі Фридом Хауз ұйымы құрылғанына алты ай болған БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Кеңесі талапқа сай қызмет етпей отыр деді. Бүгін жарық көрген Фридом Хауздың баяндамасында, Кеңестің осы уақыт аралығында әлемдегі адам құқықтарының бұзылып жатқанын реттей алмай отырғандығы айтылған.