Теһрандағы ұшақ апатынан 36 кісі құрбан болды

Бүгін Теһран әуежайында әскери ұшақ апатқа ұшырады. Апат салдарынан 36 адам қаза тапты деп хабарланды. Иран мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, Антонов-74 ұшағы елдің оңтүстігіндегі Шираз қаласына аттанған болатын.