Қазақстан уран шикізатын Ресей жеріндегі халықаралық орталықта байытады

АСТАНА: Ресей мен Қазақстан Ангарск қаласында (Ресей) уранды байытатын бірлескен кәсіпорын құру үдерісін желтоқсан айында аяқтайды. Қазақстан үкіметінің мәжілісінде премьер-министр Д.Ахметов осылай деп хабарлады. Оның атап көрсетуінше, желтоқсан айының басында қазақ-орыс бірлескен кәсіпорны Қазақстанның “Заречное” кен көзінен уран шикізатының алғашқы тоннасын өндіреді. Халықаралық МАГАТЭ агенттігінің қадағалауымен Ресей Ангарск қаласындағы электролиздік химия комбинатының негізінде уранды байытатын халықаралық орталық ашады.