Адам хұқын қорғаушылар Еуроодақты Өзбек президентіне қысым жасауға шақыруда

Өзбекстандағы адам хұқын қорғаушылар Еуропа Одағын президент Ислам Каромовқа қысым жасауын күшейтуге және Әндіжан қантөгісінен кейін енгізілген санкцияларын кеңейтуге шақырды. Интернеттегі тәуелсіз uznews.net парақшасының хабарлауынша, адам хұқын қорғаушы белсенділер бұл үндеулерін бейсенбі күні Ташкенттегі Британия елшілігінде айтқан. Қарашаның 13-і күні Еуропа Одағы Өзбекстанға енгізген санкцияларын тағы 6 айға созған болатын.