Ауғанстанда көкнар егісі осы жылы 61 пайызға өскен

Буш әкімшілігінің жаңа есебіне қарағанда, Ауғанстанда көкнар егісі осы жылы 61 пайызға өскен. Әсіресе Ауғанстанның екі провинциясында, атап айтқанда, Хелманд және Орузганда апиын көкнәрі көбейген. Аталған аймақтар талибандықтар белсенділік танытатын өлкелер деп есептеледі.