Бұрынғы тыңшының жұбайы мен италияндықтан радиоактивті элемент табылды

Бұрынғы Ресей тыңшысы марқұм Александр Литвиненконың жұбайынан және онымен кездескен италияндық азаматтан да радиоактивты полоний-210 әлементі табылды. Литвиненконың өзі осы улы заттан қаза тапқан болатын. Бұрынғы тыңшымен Лондондағы бір мейрамханада тамақ ішкен әлгі италияндық профессор, қауіпсіздік сарапшысы Марио Скарамелла енді ауруханаға жатқызылды.