Таяу болашақта Әзірбайжан табиғи газбен өзін-өзі қамтамасыз ете алатын болады

БАКУ: Кеше Әзірбайжанның премьер-министрі Артур Раси-заде ресейлік “Газпром” компаниясының Әзірбайжанға сататын 1 мың текше метр табиғи газының бағасын келесі жылы 110 доллардан 230 долларға дейін көтеруді жоспарлап отырғанын растады. Бакуде Ресей премьер-министрі М.Фрадковпен келіссөзінен кейін Раси-заде таяу болашақта Әзірбайжан газға деген өзінің сұранысын өзінің газ көздері есебінен қанағаттандыра алатын болады деп мәлімеді. Өз кезегінде М.Фрадков Әзірбайжан газын шетелге тасымалдауға Ресейдің көмегін ұсынды.