Ирақ астанасы Бағдад маңайындағы шабуылдар кезінде бүгін кемінде 30 кісі қаза тапты

Қарулы топ Ирақтағы қасиетті орындарды қорғайтын қызметкерлерідің көлігіне шабуыл жасап кемінде 13 адамды өлтірді. Ал Бағдадтың оңтүстігіндегі Байаа ауданында жанармай бекеті қасында болған 3 көлік жарылысынан 14 адам қаза тауып, 25 кісі жарақат алды.