Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық ету жөніндегі ұсынысы 2007 жылға қалды

Брюссельде өткен кездесуде ЕҚЫҰ-на мүше 56 елдің сыртқы істер министрлері, Қазақстанның 2009 жылы ұйымға төрағалық ету жөніндегі ұсынысы бойынша шешімді келесі жылы бір-ақ қарауға келісті. Қазақстан үкіметінің ол ұсынысына Құрама Штаттар мен Ұлыбритания қарсы болып, Қазақстан ЕҚЫҰ-ның талаптарына жауап беру үшін әлі де біраз жұмыс істеуі керек деген. Ал, Қазақстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рахат Алиев бұл кездесудің қортындысын “Қазақстан дипломатиясының жеңісі” деп сипаттады.