Литвиненко ісіне байланысты Британия тергеушілері бүгін басты куәгер болуы мүмкін адаммен Мәскеуде кездеспекші

Ресей мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің бұрынғы офицері Александр Литвиненконың қаза боларынан бір ай бұрын Андрей Луговой марқұммен 4 рет кездескен екен. Тіпті Литвиненко радиоактивті удан ауырып қалған күні де онымен Луговой кездескен.