Сапармұрад Ниязов өз атына берілген демалыс саябағын ашты

Түркіменстан президенті Сапармұрад Ниязов кеше Ашхабадта өз атына берілген демалыс саябағын ашты. 33 гектарда жайғасқан саябақ "Түркіменбашы ертегілерінің әлемі" деп аталады. Мұнда Каспий теңізің моделі ретінде су айдыны жасалған, ұзын саны 54 аттракцион құрылған. Сапармұрад Ниязов Түркіменстанды 20 жыл билеп отыр.