ЖАҢАЛЫҚТАР Түркияда бомба жарылысынан бір сарбаз қаза тапты 10 желтоқсан 2006 жыл, 01:02 Түркияның Диарбақыр аймағында бомба жарылды, үкімет әскерінің бір сарбазы қаза тапты, он бірі жарақат алды. Жолға қойылған мина кеше жарылды, минаны күрд партизандары қойды деп айтылады. Мина сарбаздар отырған мәшине кетіп бара жатқанда жарылды.