Ауғанстанда 12 талибандық өлтірілді

Ауғанстанның батысындғы Фараһ провинциясында АҚШ күштері рейд жүргізіп 9 талибан соғысушысын өлтірген. Аймақтағы Ауған полициясының басшысы өлтірілген соғысушылардың арасында осы өңірдегі Талибан қолбасшысы Муллаһ Абдул Самад та бар деп мәлімдеді. Ал елдің оңтүстігіндегі полиция қызметкерлері тағы үш талибандықты өлтіргендерін хабарлады.