Президент Хамид Қарзайдың айтуынша, Ауғанстандағы қанды қақтығыстарға Пәкістан жауапты екен.
Ауғанстан президенті алғаш рет Пәкістан үкіметіне осындай айыптама жариялап отыр. Қандағарға жұмыс сапарымен барған Қарзай журналистерге, Пәкістан талиптерге әу бастан-ақ қолдау көрсетіп келеді, деді.