Ирақтағы шабуылдардан кемінде 36 адам құрбан болды

Ирақтың Бағдад және Киркук қалаларында орын алған шабуылдардан кемінде 36 адам қаза тауып, 47 кісі жараланды. Кеше белгісіз соғысушылар Бағдадтың сунниттер тұратын аймағында бір отбасының 9 мүшесін өлтірген. Сонымен қатар Ирақ астанасының шығысында 20 палестиндік өлтірілді деп хабарланды. Бірақ бұл оқиғаның қашан орын алғандығы белгісіз.