Балқан түбегінің 3 елі НАТО бағдарламасына қосылды

БРЮССЕЛЬ: Бүгін Брюссельде Босния-Герцоговинаның және Черногория мен Сербияның басшылары НАТО одағының “Бейбітбішілік үшін әріптестік” бағдарламасына осы 3 елдің ресми түрде қосылуы туралы құжатқа қол қойды. НАТО лидерлері аталған 3 мемлекетті әлгі бағдарламаға қабылдауға Латвиядағы өткен айда болып өткен жоғарғы деңгейдегі кездесуінде келіскен болатын. “Бейбітшілік үшін әріптестік” бағдарламасы - НАТО-ға қосылу жолындағы маңызды қадам болып табылады.