Еуро Одақ Ресейді ет өнімдеріне тыйым салмауға шақырды

Бүгін Еуропа одағының жетекшілері Ресейді Одақ елдерінен келетін ет өнімдеріне тыйым салу жоспарынан бас тартуға шақырды. Мәскеу 1-ші қаңтардан бастап, Еуропа Одағына Болгария мен Румыния қосылғанда ет өнімдерінің импортына эмбарго енгізетінін айтқан. Ресей билігі аталмыш елдердегі мал шаруашылығының өнімдері ветеринарлық талапқа сай емес деп санайды. Сонымен қатар, Ресей осыған дейін Польшаның ет импортына енгізілген тыйымды алудан бас тартып келеді.