Палестинадағы Хамас тобының он мыңдаған қолдаушысы кеше Газа қаласында наразылық шеруіне шықты

Оған себеп, бір күн бұрын Хамас ұйымынан бас министр Исмаил Хания мінген көлік керуеніне қарулы шабуыл жасалған болатын. Хания бұл үшін президент Махмұд Аббастың жағындағы күштерді айыптады. Бейсенбідегі ол шабуылда Исмаил Ханияның ұлы жарақат алды. Дегенмен Хания шерушілерге арнаған сөзінде палестиналықтарды ұлттық бірлікке шақырды.