Азаттық тілшісі Азамат Жетпісбаев қамауда отыр

Азаттық радиосының Қырғызстандағы тілшісі Азамат Жетпісбаев Алматыдағы ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторынан желтоқсанның 16-сы күні тергеу изоляторына ауыстырылған. Оған Қылмыстық кодекстің 117-ші бабы бойынша, "алаяқтық" жасады деген күдік келтіріліп отыр деп "Азаттық" радиосына Алматы ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторының кезекші қызметкері хабарлады. Ал, "Журналистер апатта" қоғамдық ұйымының жетекшісі Розлана Таукина "журналистің ұсталуы заңсыз, сондықтан, оны босату керек" деген мәлімдеме жасады.