Бұдан былай Иран футболдан халықаралық жарыстарға қатыса алады

ТЕҺРАН: Халықаралық футбол федерациясы – ФИФА – Иранды халықаралық жарыстарға қатысуға аластатқан шешімін жояды. Бүгін ФИФА-ның президенті Зепп Блаттер хабарлағандай, Иранның футбол федерациясымен арада осындай келісімге қол жетіп, нәтижесінде Иран футболдан 19-ыншы желтоқсан күні Қатар елінде өтетін Азия Кубогіне қатыса алады. Иран үкіметін ұлттық футбол федерациясының жұмысына килігеді деп айыптаған ФИФА оны халықаралық жарыстарға қатысудан өткен айда аластатқан болатын.