Ауғанстанда 4 тәліптің көзі жойылып, 10 тәліп - тұтқынға түсті

КАБУЛ: Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар өлкесінде НАТО күштерімен шайқаста 4 тәліптің көзі жойылды. НАТО басшылығының мәліметі бойынша, бұл шайқас кеше Сперван-Гар ауданында болған. НАТО-ның әуе күштері жаяу әскерге әуеден қолдау көрсетті. Кунар өлкесіндегі операцияның нәтижесінде 10 тәліп тұтқынға түсті.