Ливия соты 5 болгариялық медбике мен палестиналық дәрігерді өлім жазасына кесті

Ливия соты бес болгариялық медбике мен палестиналық дәрігерді Ливия ауруханасындағы жүздеген балаға ВИЧ-СПИД дертін жұқтырғаны үшін өлім жазасын берді. Бұл медициналық қызметкерлер жеті жыл бұрын ұсталып, оларға 2004 жылы үкім шыққан, бірақ Ливияның Жоғарғы Соты сот ісін қайта қарауға тапсырған.