АҚШтың жаңа қорғаныс министрі Роберт Гейтс Бағдадқа жұмыс сапарымен келді

Гейтс Ирақтағы АҚШ әскери қолбасшылығымен кездесіп сондағы соғыс жағдайымен тікелей таныспақ. Осыдан 2 күн бұрын қызметіне кіріскен министрдің айтуынша, АҚШ бұл соғыста не жеңіске жеткен жоқ, не жеңілген жоқ. Ал Ирақтағы бұл соғыстан қазірдің өзінде АҚШтық 3 мыңдай әскер қаза тапты.