Ирақта Ирандық күдіктілер тұтқындалды

АҚШ-тық әкімшіліктің пікірінше, Ирақта Иран күдіктілерінің тұтқындалуы Иранның Ирақ ішкі істеріне араласып отырғандығын көрсетеді. Дегенмен, Ақ үйлік өкіл Алекс Конанттың айтуынша, Буш әкімшілігі ол тұтқындардың тергеу нәтижесін күтіп отыр екен. АҚШ бастаған күштер Ирақтағы операциялар кезінде бірқатар ирандықты тұтқындаған. Олардың арасында екі дипломат та болыпты. Бірақ олар артынша босатылған.