Иранның сыртқы істер министрлігіне Британияның Тегерандағы елшісі Джефрей Адамс шақырылды

Өткен аптада Британия премьер-министрі Тони Блэр Таяу шығыс елдерін Иранды экстремизмге қолдау көрсеткені үшін айыптауға шақырған болатын. Иранның Ирна агенттігінің хабарлауынша, сыртқы істер министрлігінің елші Адамспен әңгімелескен өкілінің сөзіне қарағанда, Блэрдің бұл шақырулары Британияның Ирақтағы және жалпы Таяу шығыстағы саясатының жүзеге аспай қалғанын көрсетеді.