Беларус Ресеймен жасалған мұнай контрактілерін уақытша тоқтатпақшы

Беларустың "Белнефтехим" мұнай компаниясы алдағы жылға Ресейдің мұнай компанияларымен жасалған келісімдерін тоқтататындығын хабарлады. Беларус компаниясының президенті Александр Боровски мұндай шешімнің Ресейдің Беларусқа шығарылатын мұнайға жаңа салық салу туралы жоспарына байланысты қабылданып отырғанын айтады.