2006-ншы жыл – журналистер үшін ең “қаралы жыл” болды

ПАРИЖ: Баспасөз құралдарының құқын қорғайтын “Шекараны білмейтін репортерлер” ұйымының мәлімдеуінше, 2006-ншы жыл – журналистер үшін ең “қаралы жыл” жыл болды. Штаб-пәтері Парижде орналасқан осы ұйымның бүгін хабарлағанындай, 2006-ншы жылы 81 журналист кәсіби міндетін атқару үстінде қаза тапты. Журналистердің халықаралық федерациясының есебі бойынша, биыл баспасөз құралдарында жұмыс істеген 155 адам кісі қолынан немесе түсініксіз жағдайда мерт болды.