Каспий теңізінің қара уылдырығы тағы да әлем базарына жол тартпақ

БҰҰ-ның арнаулы комиссиясы Каспий теңізі қара уылдырығына өткен жылы жарияланған тиымды алып тастады. Сонымен енді, Әзербайжан, Қазақстан, Иран, Ресей және Түркіменстан Каспий теңізіндегі үлесі бойынша өз қара уылдырығының бір бөлігін әлем базарына шығаруды одан әрі жалғастыру құқына ие болып отыр.