Иран жақын арада өз ядролық отынын өндіре бастамақ

Иран президенті Ахмединежаттың айтуынша, өнеркәсіптік мақсатқа қажетті ол ядролық отын жақын күндерде өндіріле бастайды. Батыс аймақтағы Хузестан уалаятынан тұрып Ахмединежат, Иран ядролық бағдарлама бойынша батыс жасаған қысымға көнбейді, деген. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі уран байытуын тоқтатпағандығы үшін желтоқсан айының соңына қарай Иранға шектеулі санкция жариялаған болатын.