Бұрынғы Тәжікстан үкіметі жағында күрескендер бейбіт тұрғындар өліміне айыпты деп табылды

Тәжікстанның Жоғарғы соты үкімет жағындағы бұрынғы бес күрескерді 1992-97 жылдардағы азаматтық соғысында 19 адамның өліміне айыпты деген үкім шығарды. "Халық майданы" қозғалысының ол бес мүшесіне азамат соғысының бас кезінде Душанбенің маңайында 19 тұрғынды өлтіргені үшін 13-15 жылға дейін түрме жазасы кесілді. "Халық майданы" қозғалысы үкіметтік күштер жағында соғысқан болатын, оларға қарсы тәжіктің біріккен оппозициясы қарсы соғысқан. Тәжікстандағы азамат соғысы 100 мың адамның өмірін қиған.