Саяси оппозиция президент Буштың Ираққа қосымша күш жіберу жоспарына қарсы

АҚШ президенті Буштың Ираққа тағы да қосымша мыңдаған әскерді жіберу жөніндегі жоспарына АҚШ-тық саяси оппозиция өз қарсылығын білдіре бастады. Демократтардың Сенаттағы жетекшісі Харри Рейд және Өкілдер палатасының төрайымы Нанси Пелосидың айтуынша, ол жоспардан американдықтарға жаңа қауіп төнбек. Сондай-ақ Дж.Буштың ол жоспарын республикашылардың бір тобы да қолдамайды. Бұл арада, Буштың Ирақтағы жаңа стратегиясы жариялануы алдында, Ақ үйлік өкіл Тони Сноудің айтуынша, әскери қолбасшылығындағы ауысулар жаңа қорғаныс министрі Гейтстің кеңесімен орын алып отыр екен.

- Меніңше, Буш өте қабілетті іскер қолбасшыларды таңдап отыр, - дейді Ақ үйлік өкіл.