Әзірбайжан Ресейге мұнай экспортын тоқтатты

Бүгін Әзірбайжан Газпром компаниясымен арадағы газ бағасы мәселесіне байланысты Ресейге мұнай экспортын тоқтатқанын хабарлады. Әзірбайжанның мемлекеттік мұнай компаниясының экспорт бойынша басшысы Мұхтар Бабаевтың айтуынша, Ресейге арналған мұнай тасымалы қаңтардың 1-де доғарылған. Бұл мұнай бұдан бұрын Ресей газынан пайдаланған Әзірбайжанның электростанцияларына жұмсалады, деді Бабаев.