Израиль премьер-министріне қарсы қылмыстық іс қозғалуы мүмкін

Израиль телеарнасы премьер-министр Ехуд Олмертқа қарсы қылмыстық іс қозғалуы мүмкін деп хабарлады. Израильдің 10-шы телеарнасына сәйкес, Ехуд Олмертқа қаржы министрінің міндетін атқарған кезінде билікті асыра пайдаланды деген күдік келтіріліп отыр. 2006 жылы жемқорлыққа қатысты кей тергеу істерінде премьер-министрдің аты аталған болатын, бірақ оған ресми түрде ешқандай айып тағылмаған.