Ресей мен Беларус мұнай тасымалы мәселесінде келісім тапты

Ресей бас министрі Михаил Фрадков Беларус арқылы өтетін мұнайдың бір тоннасына 53 доллар баж салығын төлейтін болдық деді. Ресей үкіметі Беларус әр тонна мұнайға 180 доллар салық алғысы келді деген. Ресей бас министрі әр тараптың мүддесіне сай келісім таптық дейді. Ресей мен Беларустың арасындағы даудан Еуропаға мұнай апаратын негізгі құбыржолдың жұмысы бірнеше күнге тоқтап қалған еді.