Иран көрші ел Ирақтан өз аумағында американ әскерлерінің тайраңдауын тоқтатуды өтінеді. Манучер Моттаки бұл жөнінде Ирақ сыртқы істер министрі Зебаримен телефон арқылы сөйлескенде айтты. Қаңтардың 11-інде Арбил қаласындағы түнгі тінту кезінде АҚШ әскерлері 6 иран азаматын тұтқындап әкеткен болатын. Кондолиза Райстың айтуынша, ол операцияға президент Буштың өзі бұйрық беріпті.