Бүгін Мәскеу сотында банкир Козловтың өліміне қатысты іс қаралады

Ресейдегі Орталық банктің бірінші орынбасары Андрей Козловты өлтіруге тапсырыс берді деген күдікпен ұсталған кәсіпкердің ісі бүгін Мәскеу сотында қаралады. Козлов өзінің көлігі жанында қыркүйек айында атып өлтірілген-ді, оның жүргізушісі де қаза тапқан болатын. Тергеушілер Козловтың өлімінің басты себебі оның кәсіби ісімен байланысты дегенді айтады.