Қазақстанда заңсыз мигранттар ұсталды

Қазақстан полициясы елдің солтүстігіндегі Қызылжар ауданында Ресейге аттанған Орта Азиялық бір топ заңсыз мигранттарды ұстағанын хабарлады. Олардың арасында 75 тәжік, бір өзбек және тағы басқа азаматтар бар деп айтылды. Полицияның айтуынша, жексенбі күні ұсталған әлгі азаматтар Ресейдің Тюмень қаласына бет алған екен.