Бүгін Қырғыз басылымдарында қайта түзетілген Конституция нұсқасы жарық көрді

Кеше президент Құрманбек Бакиев оған қол қойған болатын. Ол бойынша президентке мол билік хұқы беріледі. Өткен жылдың қараша айында Ата заңға жасалған түзетулер осылайша қайта жөндеуге душар болуда. Депутаттар бұдан бұрынғы Конституция өзгерістеріне өткен желтоқсанның 30-ы күні дауыс берген еді.