Ауғанстан шығысында жолға қойылған бомба жарылды

Ауған әскерінің мәшинесінде бара жатқан үш сарбаз қаза тапты, төртеуі жарақат алды. Оқиға Пәкістан шекарасында Хост провинциясында бүгін болды. Бомбаны кім қойғаны ресми айтылмады. Мұндай шабуылдарды Талибан сарбаздары жасайды деп айтылады әдетте.