Әзірбайжан елде төңкеріс жасамақшы болды деп күдіктелген 13 адамды тұтқындаған

Әзірбайжанның ұлттық қауіпсіздік министрлігі үкіметтік төңкеріс ұйымдастырмақшы болған бір топты әшкерелеп, ұстадық деп хабарлаған. Министрліктің өкілі Ари Бабаев Рейтерс агенттігіне берген сұхбатында, полиция басқа да күдіктілерді іздестіруде екендігін айтқан. Ал президент Илхам Әлиев бұл уақытта ел ішінде болмаған.