АҚШ сенаторлары Ираққа қосымша әскер жіберілуіне қарсы

АҚШ Сенатында Ираққа қосымша 21 мың 500 әскер жіберу жөніндегі президент Джордж Буштың жоспарына қарсылық танытатын қарар жобасы әзірленді. Демократтар және Республикашылар партияларындағы сенаторлар оны қолдап отыр. Аталған қарарға сәйкес, Ирақтағы әскерлердің санын көбейту АҚШ-тың ұлттық мүддесіне жатпайды. Бірақ қарар Сенат тарапынан мақұлданса, ол заң күшіне ие болмайды.