Ауғанстанда 2006 жылы жеке инвестиция көлемі екі есеге жақын өскен

Бұл оның алдындағы жылмен салыстырғандағы көрсеткіш. Ауғанстанның инвестияға қолдау көрсету агенттігінің хабарлауынша, 2006 жылдың алдыңғы жеті айындағы инвестиция көлемі 1 миллиард доллар болған. Ливанда орын тепкен «Ариба мобил» компаниясы, сондай-ақ «Кока-кола» ғаламдық сауда белгісі де Ауғанстанға көп көлемде инвестиция тартқан екен.