Серб сайлаулары қорытындысы Еуропашыл бағыттағы үкіметтің құрылуына алып келуі мүмкін

Осындай үмітті Еуропа одағы сыртқы істер бойынша басшысы Хавиер Солана білдірді. Алдын-ала есептеулерге қарағанда әсіре ұлтшыл радикалдық партия басым дауыс жинақтап, 28,5 пайызға қол жеткізген екен. Алайда үкімет құруға бұл көрсеткіш жеткілікті емес көрінеді.