Беларус билігі хұқық қорғаушы топтың кеңселерді босатуына бұйрық берген

Хелсинки хұқық қорғау комитетінің Беларусиядағы топ басшысы Татьяна Протконың айтуынша, аталған хұқық қорғаушы топ Батыс Еуропамен байланысын күшейткеннен кейін мұндай әрекеттер, яғни 1998-ші жылдан бері отырған кеңселерінен оларды қуу қадамдары орын алып отыр. Бұл шешімге байланысты хұқық қорғаушы топ шағымданбақшы.