Иран Халықаралық атом энергиясы агенттігімен ынтымақтастықтан бас тартпаймыз дейді

Ал бұдан бір күн бұрын БҰҰ-ың 38 инспекторына елде жұмыс істеуге кедергі келтірілуде деп хабарланған болатын. Үкіметтің баспасөз өкілі Ғаламуссейін Елхам Техран мен Халықаралық атом энергиясы агенттігі қызметкерлерінің арасында ешқандай проблема жоқ деп айтқан. Желтоқсан айында БҰҰ-ың Қауіпсіздік кеңесі Иранның ядролық бағдарламасына байланысты санкциялар салғаннан кейін, Техран парламенті МАГАТЭ-мен ынтымақтастықты қайта қарау туралы қарар қабылдаған болатын.