Ресей президенті Владимир Путин бүгін Үндістанға келеді

Путинның сапары екі күн жалғаспақ, Путин бас министр Манмохан Сингх сияқты ел жетекшілерімен кездеспек. Ресей Үндістанмен қырғи-қабақ соғысы кезінен тығыз дипломатиялық және әскери қатынас құрып келеді. Ресей қорғаныс министрі Сергей Иванов Үндістанда қазірдің өзінде жүр. Екі ел өкілдері Үндістанда қырғи ұшақ моторын шығаруға келісті.