Бұл құжатқа екі елдің ядролық агенттік басшылары қол қойды. Бұдан бұрын Ресей президенті Владимир Путин бүгін Үнді үкімет басшысы Манмохан Сиңх және басқа да ресми өкілдермен Нью-Делиде кездескен болатын. Үндістанға Ресей Қорғаныс министрі Сергей Иванов бұдан бұрын келіп қойған еді. Екі жақ келісімі бойынша Ресей авиациясы үшін қозғағыш тетікшені, яғни двигательді Үндістан жасап шығармақшы. Сондай-ақ Ресейдің жаңа қырғи ұшағын дамытуға ол ат салысатын болады.