Палестиналық топтардың қақтығысында 13 адам қаза тапты

Газа секторында палестиналық топтардың қақтығысында кемінде 13 адамның қаза тапқаны анықталды. Олардың арасында екі жасар бала бар. "Хамас" пен "Фатах" ұйымдарының жанжалы кеше осылайша тағы қақтығысқа ұшырады. "Хамас" пен "Фатах" біріккен үкімет құру келіссөзіне қатысуларын тоқтатты.